Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды

03 сәуір, 17:30

Фото: Liter.kz

Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды, деп хабарлады ҚазТАГ Қазақстанның премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы, NEGE. «Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында қызметі екі мегаполистің тіршілік әрекетін қамтамасыз етумен және тұрғындардың денсаулығымен байланысты ұйымдарды қоспағанда, барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында күшіне енген жұмыссыз режимді осы жылдың 13 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады», - делінген жұмадағы хабарда.
 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации