Назарбаев 22 жыл бұрын ауыл балалары туралы не айтты?

20 ақпан, 10:55

Фото: ғаламтордан

Назарбаевтың баспасөз қызметі инстаграм парқшасында 1998 жылы бұрынғы президенттің ауыл балалары туралы айтқан видеосын жариялады. 

Алматы, NEGE. «Ауылдың балалары – қазақтың негізі, қазақтың тамыры», деп видеоның астына жазба қалдырған.

«Ауылдың балалары – қазақтың негізі, қазақтың тамыры. Солар көтереді болашақта Қазақтың елін! Дінімізді, ділімізді, тарихымызды сақтайтын солар болады. Солар қалып қоймасын деп бағдарламалар жасап жатырмыз. Қазақтың қолына малын, жерін бердік. Әрине, жұмыс істеу керек, ауылда тұру ешқашан оңай болған жоқ. Біздің ата-бабамыз жер үшін, мал үшін күресіп келді. Еркіндік қолға тиигенде енді қалай баюдың қамын ойлау керек. Халық қазір бейімделіп қалған. Осы күні шығарған затымызды сатуға көмектессеңіз деп сұрайды», - дейді Назарбаев бейнежазбада.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации