Наурызда ауа райы қандай болмақ?

20 ақпан, 12:33

Фото: ғаламтордан

Қазақстанның біраз аймағында наурыздың басында күн жылы болады, жауын-шашын көп жауады, деп хабаралайды Қазгидромет.

Алматы. NEGE. Қазақстанның солтүстігінде наурыздың бірінші онкүндігінде қарлы болады, боран тұрып, мұзтайғақ болып, тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы -5 пен +5 аралығында құбылады, түнде 10 градусқа дейін аяз болады. 

Қазақстанның оңтүстігінде көктемнің алғашқы күндері жаңбырлы болады, кей жерлерде қар жауады. Күндіз ауа температурасы +18 градусқа дейін, түнде 0-ден +8-ге дейін жылынады. 

«Алайда, еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында сынап бағанасы түнде 17-ге дейін суытады. Оңтүстігінде және батысында 10 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Жалпы наурыз жылы болады. Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан бір градусқа жоғарлайды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации