Наурыз мейрамын неше күн тойлаймыз?

24 ақпан, 10:57

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

Қазақстанда Наурыз мейрамы 8 күн бойы тойлануы мүмкін. Ғалымдар мен қоғам белсенділері осындай ұсыныс тастады.

Алматы, NEGE. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған «Азаматтық алаң» пікірталас клубының алғашқы отырысында осы мәселе жан-жақты талқыланды. Ұлық мерекені наурыздың 14-нен 22-не дейін тойлап арқылы оның маңыздылығын арттыра түсеміз» дейді зиялы қауым.

«Соңғы жылдары бұқаралық сипаттан ажырап, сахналық киіпке еніп, аздаған жұртшылықтың қызықтауына айналған бір фальклорлық қойылым көрінісінен аспауда. Мерекелік көңіл-күйді 31 желтоқсан – Жаңа жыл мерекесінен Ұлыстың ұлы күніне аударсақ деген мақсатпен ұсынып отырмыз. Және Наурыз мерекесін бұқаралық тойлануын арттырсақ деген оймен», – деді «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев. 

Сондай-ақ, шара барысында аталған бағдарламаның жұмысын жұртшылыққа баяндайтын жаңа елшілер таныстырылды. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации