Мұнай бағасы төмендеді

19 ақпан, 15:55

Фото: faktiler.kz

Сауд Арабиясы МЭЕҰ-ге  мүше емес мұнай өндіруші елдермен кездесуден бас тартқаннан кейін мұнай бағасы арзандай бастады. Бұл туралы 7kun.kz хабарлайды.

Нұр-Сұлтан, NEGE.  28 қарашада Brent маркалы мұнайдың баррелі 46,28 долларды құрап, жұма күнгі саудамен салыстырғанда мұнай 1%-ға арзандаған. Morgan Stanley мәліметінше, мұнай бағасының арзандауы 28 қарашадағы мұнай өндіруші елдер кездесуінің өтпейтіндігі себеп болып отыр. Сарапшылардың болжауынша, бұл картельдегі елдердің түрлі көзқарасымен байланысты, алайда мұнай өндірісінің көлемін қысқарту туралы келісім жүзеге асуы мүмкін. Айта кетейік, Сауд Арабиясының кездесуден бас таруына байланысты МЭЕҰ келіссөзі кейінге шегерілді. Bloomberg ақпаратына сәйкес, мемлекет картельдің өз ішінде келісім болмай жатып, басқа елдермен кездесу өткізуі орынсыз деп есептейді. Алайда жексенбі күні Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид аль-Фалех кездесудің кері шегерілгеніне қарамастан, МЭЕҰ-ге мүше емес мұнай өндіруші елдерді қара алтын өндірісінің көлемін төмен деңгейде сақтап отыруға шақырды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации