Мұхаммеджан Тазабек коронавирус жұқтырды

29 маусым, 11:08

Фото: Инстаграм парақшасынан

«Асыл арна» телеарнасының директоры, халық қалаулысы Мұхаммеджан Оразбайұлы Тазабеков Covid-19 дертіне шалдықты. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында хабарлады.

Aлматы, NEGE. «Оншақты күн үй жағдайында ем алып едік, көнбеді... Қызу түспеді, қол-аяқ пен бұлшық еттің қақсағаны қоймады... Ауырмаңыздар, сақ болыңыздар!», - деп жазды Тазабеков.

Бұл танымал тұлғалар арасында кезіккен алғашқы жағдай емес. Бұған дейін кәсіпкер Қайрат Құдайберген, актриса Әсел Садуақасова, министр Бекболат Тілеухан және елбасы Нұрсұлтан Назарбаев т.б індет анықталған болатын.

Рысбек Арапханұлы

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации