Мұғалімдер маска тігуге мәжбүр болған

01 сәуір, 15:38

Фото: tengrinews.kz

Түркістан облысы Сайрам ауданында мектеп басшылығы мұғалімдерді маска тігуге мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Nur Otan партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. "Вирус деп бізді, мұғалімдерді, маска тігуге мәжбүрлеп жатыр. Әр мүғалім күніне 600 маска тігуі керек. Бізде уақыт бар ма әлде тігін машинамыз бар ма - сұрамайды да. Оған қоса, маска тікпесек, 15 000 теңге береміз деп қорқытып жатыр. Бұл қаншалықты заңды? Осы мәселені шешуді сұраймыз", - деп жазған педагогтердің бірі,

Комиссия мүшелері бұл деректі растады.

"Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев пен аудандық білім бөлімінің басшысы Құралай Шадиева жауапкершілікке тартылды. Басшылыққа мұндай ереже бұзушылық жасамау керегі туралы ескерту жасалды", - дейді Nur Otan өкілдері.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации