Мұғалімдер де мектепке бармайды
14 наурыз, 11:38
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдер өз үйінде қашықтан жұмыс істей алатынын мәлімдеді.
Алматы, NEGE. «Жалпы, елімізде 7300 мектеп бар. Сол мектептерде балаларды каникулға ертерек шығардық. 16 наурыздан 5 сәуірге дейін каникул жалғасады. Каникул кезінде мұғалімдердің мәселесі бар. Мұғалімдерге үйлерінде болып, қашықтан жұмыс істеуіне болады. Біз осыны ұсынып, барлық білім беру бөлімдеріне және мектеп директорларына осы ақпаратты жеткіздік», – деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.