Біртанов коронавируске байланысты баспасөз мәслихатын өткізді

05 наурыз, 17:16

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған шенеуніктер «Қазақстандағы коронавирустық инфекцияға қарсы шараларды күшейту туралы» атты тақырыпта баспасөз мәслихатын өткізді.  

Нұр-Сұлтан, NEGE. Өз сөзінде Біртанов әлемді алаңдатып тұрған коронавируске байланысты қатаң шараларды қарастырып отырғанын айтты. «Біз сақтық мәселесіне қолдан келгенше көңіл бөлеміз. Үкімет отырысында «Б» жоспарын қабылдадық. Егер бізден коронавирус анықталса, осы жоспар бойынша әрекетке көшеміз» деді министр. Әрине, қазір індет таралған елдерден келген бірнеше адам карантинде жатыр. Олардың жағдайы дәрігерлердің қадағалауында. Көпшілігі – Қазақстан азаматтары» деп жауап берді. 

«Қазақстанда 992 адам оқшауланып, карантинге жатқызылды. 8 мыңға жуық адам Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Олардың ішінде Қазақстан азаматтары мен шетелдік азаматтар бар. Вирустың белгілері байқалған жағдайда олар бірден ауруханаға жатқызылады», –  деген министр "60 адам ауруханаға жатқызылды, кеше олардың 18-і үйлеріне жіберілді. 42 адам ауруханада жатыр. Оларды тексеріп жатыр» деді. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации