Министр Біртанов өзіне хат жазған оқушыға уәде берді

21 наурыз, 09:40

Фото: ғаламтордан

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов анасы дәрігер болып жұмыс істейтін 13 жастағы қыздың хатына жауап берді.

Алматы, NEGE. Осыған дейін анасы дәрігер болып жұмыс істейтін Раида есімді оқушы қыз анасын тәулік бойы көрмейтінін айтып хат жазған болатын. 

«Ал кеше менің туған күнім болды. 13-ке толдым. Бірақ менің көңіл-күйім болмады. Себебі мен үшін ең басты адам – Анам жанымда болмады! Елжан Амантайұлы, сіздің де отбасыңыз бар. Қолыңыздан келгеннің барлығын жасаңызшы. Бұдан-былай ешкім ауырмайтындай етіп, анам тезірек үйге оралсыншы. Бұл – мен үшін ең үлкен сыйлық болар еді», - деп жазды Раида.

Аталған хатқа Денсаулық сақтау министрі өзінің Фейсбук парақшасында жауап жазған.

«Сәлеметсің бе, құрметті Раида! Сенің хатыңды интернеттен оқыдым. Жүрегіңнен шыққан шынайы жылы сөздер үшін ризашылығымды білдіремін! Біріншіден, өтіп кеткен туған күніңмен құттықтаймын! Зор денсаулық тілеймін! Жасыңа қарамастан, анаңның мамандығы қаншалықты маңызды екендігін түсінетініңе сүйсінемін. Дәрігер болу – бұл ауа райына қарамастан, аптаның қай күні, қандай уақыт болмасын және көп жағдайда өзіңнің шаршағаныңа, денсаулығыңа қарамастан көмекке ұмтылуға шынайы ниет», - деп жазды министр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации