Миллиондап маска сатпақ болғандар ұсталды

19 наурыз, 11:27

Фото: instagram.com

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті жедел-іздестіру шаралары кезінде заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісін анықтады. Бұл жайында ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы, NEGE. «Төтенше жағдай кезінде Атырау қаласында біп топ адам жалпы құны 313 млн теңге болатын 1 млн медициналық масканы сатумен айналысқан. Алайда, олардың қолында масканың заңды жасалғанын дәлелдейтін құжат болмаған. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген хабарламада.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации