Мешітке ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

07 сәуір, 20:49

Фото: Ainews.kz

Алматы облысында мешіттен садақа жәшіктерін ұрлаған күдікті ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмысты Чапаев ауылында жасаған. Оның бөтеннің мүлкін ұрлаудың бұдан өзге бірнеше дерегіне қатыстылығы анықталды.

Алматы. NEGE. Полицейлер оны бейнебақылау камераларының көмегімен әшкерелеген деп жазды Polisia.kz. Наурыз айының соңында Іле аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Ынтымақ ауылы мешітінің имамы, жалпы құны жүз мың теңге болатын қайырымдылыққа арналған жәшіктегі ақшаның және молданың қызметтік үй-жайындағы ресивері бар монитордың ұрланғаны туралы арызданған. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жедел уәкілдер Алматы облысы Жамбыл ауданының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол ұсынылған дәлелдерден кейін өз кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында күдікті одан өзге тағы екі ұрлық дерегіне өзінің қатыстылығын айтып берді. Ол ақпан айында Чапаев ауылындағы мешіттегі елу мың теңге көлеміндегі ақша сомасы бар қайырымдылық жәшігін ұрласа, ал өткен жылдың шілдесінде Түймебаев ауылындағы жеке кәсіпкерлер бірінің қымбат велосипедін қолды қылған. Қазіргі таңда мешіт ұрысы қамаққа алынып, оның өзге де ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктінің 2013 жылы қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылғаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі бойынша жалғасып жатыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации