«#Мен үйдемін» челленджі басталды

20 наурыз, 16:33

Фото: instagram.com

Алматыда Jas Otan жастар қанатының белсенділері «#Мен үйдемін» челленджін бастады.

Алматы, NEGE. Бұл акция коронавирустың таралуын алдын алу үшін тұрғындарды үйден шықпауға шақырады.

Айта кету керек, челлендж әлеуметтік желілерде тез таралып жатыр. «#Мен үйдемін» деген жазбаны ұстап ересектер де, зейнеткерлер де, балалар да суретке түсіп жатыр.

Jas Otan ұйымдастырған акциясын «Жалын» жастар қозғалысының өкілдері іліп кетті.

Челлендж ұйымдастырушылары бұл акция азаматтардың жауапкершілігін жоғарлатады деген үмітте.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации