Мемлекеттік шығындар қысқарды

17 ақпан, 17:07

Фото: zakon.kz

ТМД зерттеушілері Қазақстанда негізгі қызметтерге мемлекеттік шығындардың қысқарғанын анықтады, деп хабарлады ҚазТАГ.

Алматы. NEGE. «ТМД өңірлеріндегі ОДМ көрсеткіштерінің мониторингі 2015-2018» статистикалық жинақ мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда негізгі қызметтердің (білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау) шығын үлесі 2015 жылы мемлекеттік шығындардың жалпы сомасының 47,9%-ы болған. Бұл көрсеткіш 2016 жылы – 47,9%, 2017 жылы – 49,7% және 2018 жылы – 42,2% болыпты. Бұл деректер ТМД мемлекетаралық статистикалық комитет сайтында орналасқан.

Ең үлкен үлес Молдовада (66%, 66,7%, 66,1% және 65,9%), одан кейін Ресей (55,1%, 54,7%, 55,9% және 56,5%), Украина (52,8%, 55,3%, 53,5% және 50,7%), Қырғызстан (46,8%, 45,3%, 45,3% және 48,9%), Армения (42%, 41,9%, 41% және 42,7%), Өзбекстан (54,1%, 53,4%, 52% және 42,4%), Беларусь (39,4%, 40,2%, 40,6% және 39,7%), Тәжікстан (25,5%, 23,3%, 29,3% және 25,7%) және Әзірбайжан (23,5%, 28,7%, 27,3% және 21,2%).

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации