Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі өзгерді

31 шілде, 16:50

Фото: google.com

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми өкілі Ерхан Таткен мемлекеттік қызметке орналасу тәртібінің өзгеруіне қатысты ҚазАқпаратқа түсініктеме берді.

Алматы, NEGE. «Мемлекеттік органда бос жұмыс орындары болған кезде бірінші ішкі конкурс жарияланады, оған осы мемлекеттік органның қызметкерлері ғана қатысады. «Бұл ретте, бұрын бірінші ішкі конкурстың жеңімпазы болмаған жағдайда екінші ішкі конкурс жарияланды, оған барлық мемлекеттік қызметкерлер қатысатын. Екінші ішкі конкурстың жеңімпазы болмаған жағдайда ғана барлық азаматтар арасында жалпы конкурс жарияланатын. Осылайша, мемлекеттік қызметке орналасу конкурсына қатысу үшін азаматтар мемлекеттік қызметшілерге қарағанда айтарлықтай көп уақыт күтетін» –деп атап өтті Ерхан Таткен.

Қазіргі уақытта осылайша екінші ішкі конкурс алынып тасталды.

Енді бос жұмыс орнын құру кезінде барлық мемлекеттік қызметшілер үшін бірінші ішкі конкурс жарияланады, ал оның жеңімпазы болмаған жағдайда жалпы конкурс жарияланады.

Осыған байланысты, конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі мен азаматтардың конкурсқа қатысу үшін күту уақыты айтарлықтай қысқарды. Сонымен, бұрын бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстардың барлық кезеңдерін өткізу үшін 50 жұмыс күні қажет болатын.

Қазір бұл рәсім 15 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации