Мемлекет басшысы қызметтен кете ме?

19 наурыз, 22:55

Фото: facebook.com

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ҚР Президенті қызметінен кететіні туралы әлеуметтік желідегі әңгімелерге қатысты айтты.

Алматы, NEGE. «Шынымды айтсам, мұндай «ас үйдің әңгімесіне» пікір білдірудің өзі ыңғайсыз. Бірақ, бұл тақырыптың тарап кеткені соншалықты, құрметті сарапшылар мен журналистерден бастап, емдеуде жатқан нашақорларға дейін талқылап жүр. Жай ғана қажетті, нақты мәселелерге көңіл бөлейік дегім келеді. Бәлкім, біздің назарымызды өзекті мәселелерден бұрғысы келетіндер бар шығар», – деді ол.

Министрдің айтуынша, барлық фейк-ақпараттарға құзырлы органдар өздерінің құқықтық бағасын береді.

«Қазір маңызды мәселелерге көңіл бөлуіміз қажет. Біздің заңды түрде тағайындалған, халықтың сенімі мен Елбасының қолдауына қол жеткізген Президентіміз бар», – деді Дәурен Абаев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации