MEGA сауда және ойын-сауық орталықтары жабылды

17 наурыз, 13:15

Фото:

MEGA басшылығы барлық ойын-сауық және сауда желілері жабылатынын хабарлады.

Алматы, NEGE. Орталықтарда тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмысын жалғастырады. Супермаркет күн сайын 9:00-ден 23:00-ге дейін, ал дәріханалар - 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

«Біз мұны коронавирустық инфекцияның таралуына кез келген қауіп-қатерді болдырмау үшін, сондай-ақ біз мұндай жолға жалға алушылар мен келушілердің көптеген үндеуін ескере отырып барып отырмыз. Біздің алдымызда өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығы туралы қамқорлықтың бірыңғай міндеті тұр. Біз осы қиын жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылдайтын шараларымызға түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенеміз. Тек бірге ғана біз барлық кедергіні еңсере аламыз», - деді желінің бас директоры Сейітжан Есмағамбетов.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации