Медициналық бақылауда 7 адам қалды

21 ақпан, 15:25

Фото: inform.kz

Қытаймен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстандағы коронавирус бойынша соңғы эпидемиологиялық жағдайды баяндады.

Алматы, NEGE. «6 қаңтар мен 20 ақпан аралығында Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежайларда және теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінде – 31 797 адамды қарап-тексерді», – делінген хабарламада.

Бүгінгі күнге дейін ЖРВИ белгілерімен 165 адам көпшіліктен оқшауланып, емдеуге жатқызылған. Оның 158-і шығарылды, стационарларда медициналық бақылауда 7 адам қалды.

«Ухань қаласынан Ресейге (Түмен облысы – 3 адам) және Өзбекстанға (5 адам) эвакуацияланған Қазақстан азаматтарының жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы жоқ. ЖРВИ белгілері мен шағымдары анықталған жоқ. Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген», – делінген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации