Мәскеу рейстері қатерлі боп тұр

30 наурыз, 16:41

Фото: Headtopics.com

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың жартысы мәскеулік рейстермен ұшып  келген. ҚазТАГ-тың хабарлауынша, бұл туралы Алматы тауар және қызмет сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова мәлімдеген.

Алматы. NEGE. «Ауырғандардың 40%-ы Мәскеуде болғандар, яғни мәскеулік рейстер.  Қалған 23%-ы «Берлин-Алматы» бағытына тиесілі болса,  20%ы – «Санкт-Петербург-Алматы» және 17%-ы – «Минск-Алматы» рейстері», – деді Молдақасымова.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации