Маска бағасы 118 теңгеден көтерілмейді

10 сәуір, 17:55

Фото: kaztag.kz

Алматыда медициналық маскалардың бағасы 118 теңгеден көтерілмейді, деді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Алматы, NEGE.
«Бір қолға 10 данадан артық берілмейді. Үш қабатты медициналық маскалар үшін белгіленген баға –87 теңге, бұрышты сүзгісі бары – 111 теңге. Бұл республика бойынша ең төменгі бағалардың бірі», - деді Молдағасымова жұмадағы брифингте.
Бұл ретте ол атап өткендей, Қазақстанда медициналық масканың шекті бағасы 118 теңге құрап отыр.
«Сауда және интеграция министрлігі, ұлттық экономика министрлігі және денсаулық сақтау министрлігімен 7 сәуірде медициналық маскалардың шекті бағасын бекіту туралы бұйрыққа қол қойылды. Медициналық маскалардың бекітліген шекті бағасы – 118 теңге, оның бағасын одан ары көтеруге жол берілмейді», - деп еске салды ол.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации