Масанчиде қаза тапқан Дархан Әбдірахым туралы ақпарат расталды

10 ақпан, 09:50

Фото: Азамат Ерғали

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері Жамбыл облысы Қордай ауданында қаза болғандардың арасында Дархан Әбдірахымның болғанын растады. 

Алматы, NEGE. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қаза тапқан 10 адамның ішінде  Дархан Әбдірахым да бар.

Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз Қордай ауданындағы қақтығыс кезінде қаза тапқандар ішінде 25 жастағы Дархан Әбдірахымның да бар екенін растады.

«Дархан Әбдірахым туралы не білеміз? Ол - қазақ. Осы күнге дейін туған-туыстары оның қайтыс болғаны туралы білген жоқ. Дархан жеке тасымалдаумен айналысқан. Оның құжаттары машинада болған. Қақтығыс күні ол Масанчиге ауданның басқа тұрғындары сияқты көмекке барған. Жігіт 25 жаста еді. Ол қан-жоса болып жатқан жерінен табылған. Машина бүлінген, құжаттар жоғалған. Ол отбасында жалғыз бала еді. Оның артында үш баласы қалды. Көлігін кредитке алған. Жергілікті атқарушы органдардан қайтыс болған адамның ата-анасына әлі ешкім барған жоқ. Журналистер де болған жоқ. Өткен күннен бері қаза тапқан жас жігіттердің есімі таралды. Неге Дархан туралы мәлімет белгісіз?», - деп Азамат Ерғали Facebook парақшасында жазған болатын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации