Марихуанна сатып келген ерлі-зайыпты ұсталды

03 наурыз, 11:18

Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция қызметкерлері марихуана сатумен айналысқан ерлі-зайыптыларды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасына Түркістан қаласының тұрғындары есірткі сатумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері есірткі затын өткізді деген күдікпен Түркістан қаласының тұрғындары, ерлі-зайыптыларды құрықтады.

Белгілі болғандай, ер адам мен оның жұбайы ұзақ уақыт бойы облыс орталығының аумағында марихуана сатумен айналысқан. Күдіктілердің үйін тінту кезінде 20-дан астам сіріңке қорабы табылып, тәркіленіп алынды.

Сот-криминалистикалық сараптамасына сәйкес, тәркіленген есірткі заты жалпы салмағы 100 грамм болатын кептірілген марихуана болып шықты.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» бойынша тіркелді.

Күдіктілер қамауға алынды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясына сәйкес, күдікті жұптар есірткіні сақтау және өткізу үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации