Маңғыстау облысында қосымша провизорлық орындар ашылды

07 шілде, 21:45

Фото: 24.kz

Маңғыстау облысында пневмониямен ауыратын науқастар үшін екі провизорлық стационар ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Сол арқылы қосымша 80 төсек-орын дайындалды.

Алматы, NEGE. Қазір онда дене қызуы көтеріліп, ауыр халде түскендердің алды жақсара бастады. Бұл – жергілікті дәрігерлік амбулатория базасында ашылған 40 орындық провизорлық стационар. Мұнайлы ауданының тұрғындарына арналған. Қазір мұнда 30 адам емделіп жатыр. Барлығының жағдайы тұрақты. Оларға 4 дәрігер мен 6 медбике ем-дом жасайды.

Әр палатада жуынатын бөлме бар. Науқастардың ем алуы үшін жайлы жағдай жасалған. Облыс бойынша коронавирус немесе пневмониямен ауырған науқастар үшін 860 төсек-орын дайындалды. Емдеу орындарында медициналық жабдықтар жеткілікті.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации