«Мамуновтың қолына бүгін кісен салды»

03 наурыз, 14:34

Фото: inform.kz

Біз бұған дейін ақпарат көзінің дерегіне сүйеніп, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамуновты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «пара алды» деген күдікпен ұстағанын жазғанбыз. Nege.kz порталына сілтеме жасап, бірқатар БАҚ мұны көшіріп басты.

Ақпарат жарияланған күні Руслан Мамунов Фейсбук желісіндегі парақшасы арқылы мәлімдеме жариялап, «өзін ешкім қамамағанын, Нұр-Сұлтан қаласында шаруалармен жүргенін» айтқан. «Тексерілмеген ақпаратты жариялағандардың» үстінен Бас прокуратураға шағым түсіретінін де ескертті.

Сенімді ақпарат көзінен бүгін мынадай дерек алдық:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамуновтың қолына бүгін кісен салды. Мамуновпен қоса тағы бірнеше адам осы іс бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл істің басқаша сипат алмауына Nege.kz порталы көп үлес қосты».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірге Руслан Мамуновқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.     

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации