МӘМС: 1 шідеден бастап қолжетімді

04 сәуір, 11:45

Фото: ғаламтордан алынды

 Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі елімізде 1 шілдеден бастап іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24». Жүйені мерзімінен кеш енгізу Мемлекет басшысының коронавирус індетіне байланысты берген тапсырмасына сәйкес қабылданып отыр.

Алматы, NEGE. Айта кетейік, міндетті медициналық сақтандыру 1 сәуірден бастап іске қосылуы тиіс болған. Енді бірінші шілдеге дейін Қазақстанның барлық тұрғыны «шартты» түрде сақтандырылған болып саналады. Бұл елде тұратын әрбір азаматтың тегін медициналық көмек түрлерін ғана емес, медициналық сақтандыруға кіретін қызметтерді де пайдалануына мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қорға қаржы жинақтау жалғасып жатыр.

Сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 наурызына дейінгі аралықта 298 миллиард теңгеден астам қаржы жинақталған. Қалалық «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров: "Сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен  2020 жылдың 31 наурызына дейінгі аралықта медсақтандыру қорына қаржы жинақталды. Алматы қаласы бойынша бұл жинақталған соманың 5/1 бөлігі бұрынғы оңтүстік астаналықтарға тиесілі. Атап айтқанда, Алматының қорға аударған жарнасы 60 млрд. теңгеден асып жығылады. Оның 54,1 млрд теңгесі жұмыс берушілерге тиесілі" деді.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации