Мәдина Жүнісбекова ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

07 шілде, 20:30

Фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Мәдина Жүнісбекова ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Рrimeminister.kz сайты. 

Aлматы, NEGE. Мәдина Жүнісбекова Алматыда туған. Ломоносов атындағы ММУ, Париж I Пантеон - Сорбонна университетін, Пантеон-Ассас университетін тәмамдаған. 

Еңбек қызметі 2010 жылдан басталған. Коммерциялық секторда, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығында және ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде жұмыс істеді. Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына 2018 жылдың сәуірінде тағайындалған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации