КВИ-дан жазылғандар шипажайларда оңалтылмақ

04 тамыз, 19:18

Фото: coronavirus2020.kz

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстандағы шипажайлар мен балалар лагерьлерінде коронавирус пен пневмониямен ауырып шыққан пациенттерге оңалту курсын өткізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.  «Оңалту курсына қатысты ұсынысымызды Денсаулық сақтау министрлігі қолдап отыр. Алайда бұл бастама жүзеге асырылу сатысында. Шаруаны барынша созбалаңға салмасақ игі еді. Біз коронавирус пен пневмониямен ауырып жазылған пациенттерді оңалту курсы шипажайлар мен балалар лагерьлерінде өтсе дейміз», - деді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева туристік сала мәселелері бойынша өткізілген онлайн баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша бұл ретте іске шипажайлардан бөлек басқа да демалыс орындарын пайдалануға болады. «Оңалту курстарынан шипажайларда ғана емес, балалар лагерінде де өтуге болады. Алайда бұл жерде нақты тетікті реттеп алу керек», - деді ол. Юлия Якупбаева бұл бастама туристік саланы аз да болсын қолдауға мүмкіндік туғызады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации