Құрбысының атынан онлайн несие рәсімдеген

26 ақпан, 12:33

Фото: pinterest.com

Соңғы жылдары интернет ресурстары арқылы әккі әрекетін жүзеге асырушы алаяқтардың саны артқан, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алматы, NEGE. Өскемен қаласында жыл басынан бері 56 адам онлайн несие алаяқтарының құрбаны болып үлгерген.

Аталған іске қатысты жуырда Өскемен қалалық полицейлері «Контрафакт» жедел-іздестіру және алаяқтықтың алдын-алу шарасын өткізді. Нәтижесінде Алматы облысының 24 жастағы тұрғыны күдікке ілінді.

Тағылған айып расталғандай ол 2019 жылы Өскемен қаласының үш тұрғынының атынан онлайн режимде несие рәсімдеген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 160 мың теңге. Сондай-ақ, шара аясында өз құрбысының жеке куәлігін пайдаланып, оның атынан 156 мың теңгеге несие рәсімдеген 1996 жылғы азаматшаның ісі әшкере болды.

Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы ретте Өскемен қалалық тәртіп сақшылары тұрғындарды әлеуметтік желілерде және интернет-дүкендерде жеке деректерді жасырын ұстауын ескертеді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации