ҚР СІМ: Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпарат расталмады

03 наурыз, 23:00

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпарат расталмаған. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы, NEGE. «Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты келесіні хабарлаймыз. Бұл ақпарат расталмаған, себебі Қазақстанның Сеулдегі Елшілігінің атына корей тарапынан ешқандай да ресми хабарлама келіп түспеген» делінген хабарламада. Сондай-ақ, ведомство біздің елдің дипломаттары Кореяда әлеуметтік желілерде таратылған ақпараттың нақтылығын анықтап жатқанын мәлімдеді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации