Қостанайда ойын алаңдары салынды

01 тамыз, 18:35

Фото: google.com

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қостанай қаласында бірнеше ойын алаңдары бой көтереді.

Алматы, NEGE. Аулаларды дамыту жұмыстары Қостанай қаласында қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.

Облыс орталығында биыл 17 футбол алаңы, 45 балалар алаңы мен 9 манеж қолданысқа беріледі.

«Әр түрлі спорт құрылғылары, әткеншектер, сырғанағы мен құмсалғышы бар заманауи ойын алаңы пайда болады. Қазір жасанды төсеніші бар 12 футбол манежінің құрылысы басталып кеткен. Нысандар қараша айына дейін тапсырылады. Аулаларды абаттандыру бюджет есебінен жүргізілуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қолға алынған жобалардың жалпы құны 440 млн теңгені құрады. Ойын алаңдары талапқа сай жасалады. Балалардың жарақат алуын болдырмау мақсатында қауіпсіздік шаралары ескерілген», – дейді Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Наурызбай Мусин.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации