Қостанайда 50 жастағы әйел героинмен ұсталды

19 ақпан, 09:34

Фото: Ғаламтордан

Аса ірі көлемдегі героинді Қостанай тұрғыны өз үйінде сақтаған. Оның қылмысын полицияның іздестіру шаралары кезінде иісшіл иттер ашып берген.

Алматы, NEGE. Есірткі сатушы Қостанайдың Дзержинский көшесіндегі бес қабатты үйлердің бірінен ұсталған. Полиция тергеу құпиясына сәйкес, оқиғаны бүге-шігесіне айтпады. Белгілісі, әйелдің үйінен 77 грамм героин табылған. Бұл осы жылы аймақтан табылған ең үлкен партия.

Оның 15 граммы халатының қалтасынан шықса, қалғаны бөлмелерін тінту кезінде табылған. Күдікті он жыл бұрын дәл осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған екен. Енді оны тағы да жаза күтіп тұр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации