Көшпелі дәріхана дегенді естідіңіз бе?

24 ақпан, 13:08

Фото: facebook.com

Қазір үлкен қалаларда жейтін тамақ, киер киім, тіпті, азық-түлікке дейін үйге жеткізіледі. Бұл қалыпты жағдай. Осыған ұқсас қызметке енді шалғайдағы аудан тұрғындары да қол жеткізе бастады. 

Алматы, NEGE. Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында еліміздегі алғашқы көшпелі дәріхана пункті жұмыс істейді. Ауыл тұрғындары онда арзандатылған бағамен дәрі-дәрмек ала алады.

 Жылжымалы дәріхана кесте бойынша жұмыс істеп, әр елді мекенді аралайды.

Ақтоғай ауданында бір ғана стационарлық дәріхана бар.

Ол орталық аудандық ауруханада орналасқан. Егер бұрын шалғай ауыл тұрғындарына дәрі-дәрмек сатып алу үшін аудан орталығына жол жүруге тура келсе, енді дәріхана оларға өзі келеді.

Жоба «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации