Коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін

21 мамыр, 16:46

Фото: kaztag.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың екінші толқынының болуы мүмкін екені туралы ескертті.
Алматы, NEGE. «Бірінші толқыны жүрген жерлердің барлығында екіншісі де болуы мүмкін екені туралы ескертеміз. Халықтың қауіптің әлі сейілмегенін, әлі де қауіп барын түсінгені маңызды», - деп мәлімдеді Ресейдегі ДДСҰ өкілі Мелита Вуйнович «Ресей 24» телеарнасының эфирінде.
Ол коронавирустың салдарынан енгізілген шектеулерді алып тастауға әлі ерте деп санайды.
Оның айтуынша, карантинді жеңілдету салдарынан адам өлімі көбейіп кетуі мүмкін.
Хабарда атап өтілгендей, бұған дейін Вуйнович ТАСС-та берген сұхбатында коронавирус пандемиясының екінші толқынынан құтылу мүмкін еместігін, себебі халықтың көбінде оған қарсы иммунитет жоқ екенін мәлімдеген еді.
Соңғы ақпар бойынша, Қазақстанда 6969 адам коронавирус жұқтырған, 3734 – жазылған, 35 – қайтыс болған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации