Коронавирусты анықтау тестін ақылы тапсыруға болады
26 наурыз, 13:39
Қазақстандықтар коронавирусты анықтау тестін ақылы тапсыра алады. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова айтты.
Алматы, NEGE. «Жалпы, бізде елімізге мұндай экспресс-тесттерді жеткізетін бірнеше демеуші бар. Қазіргі уақытта бірнеше компанияға бір рет әкелуге рұқсат беріп те қойдық. Бірінші топтамасы осы аптада жеткізіледі. Экспресс-тестілеу «Олимп» зертханасының базасында жүргізіледі. Бұл жедел-тесттер иммуноферментті сараптама әдісіне негізделген. Пациенттің қанында антиденені анықтайтын болады. Яғни, ауруып жүргендерде немесе жеңіл түрімен ауырып, жазылғандарды анықтайды», – деді комитет төрағасы.