Коронавирусты анықтайтын жаңа әдіс табылды

07 шілде, 21:25

Фото: 24.kz

 Ел тұрғындарын коронавирусқа екі аптаның ішінде тексеріп шығуға болады. Елордада індетті анықтауға арналған жаңа аппаратты сынақтан өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Тест-жүйесін жасаған ғалымдар бұл әдіс тез әрі арзан екенін айтады. Олар лицензиялау жұмыстарын бітіріп, заңды түрде рұқсат алғаннан кейін сынақты бастайды. Бұл кәдімгі алкотестер құрылғысына ұқсайды. Адам түтікшеге демалады, егер ағзасында коронавирус болса, наносенсорда ол үлкейіп көрінеді. Екі минуттың ішінде қорытындысы белгілі болады. Алдымен елордаданың ауруханаларында 400 адамды тексеріп көреді. Олар қосымша ПТР-тест тапсырады. Кейін екеуін салыстырады. Құрылғыны Финляндия астанасындағы зертхананың бірінде жасаған. Профессор, физика маманы Ристо Ораваның жетекшілігімен 30 инженер және дәрігер еңбек еткен.  

Тест жүйесі жеке ғылыми-зерттеу институтының зертханасында жасалса, оның негізін қалаушы Кристиан Тейдердің айтуынша, құрылғыны сынақтан өткізгісі келетін ел көп. Орта Азия елдеріне тарататын ортақ ел ретінде Қазақстанды таңдап, алғашқы партиясын дайындап қойған. Тест бағасы шамамен 2 мың теңге болады. Жоба авторлары бағаны өздері бақылауда ұстамақшы. Егер жергілікті өндірушілер қалтаның қамын ойлап, келісімді бұзса, құрылғыны жасау құқығын қайтып аламыз деп отыр. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации