Коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды
05 сәуір, 12:20
Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы, NEGE. "Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұл - коронавирус індетінен болған алтынша өлім жағдайы. Бұған дейін қайтыс болғандар Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам, Ақмола облысында 2 адам, Қарағанды облысында 1 адам және Түркістан облысы 1 адам тіркелді.