Коронавирустан қайтыс болған әйел Алматы мен Шуда қонақта болған

27 наурыз, 10:52

Фото: bnews.kz

Бүгін Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы брифинг өткізді. Онда коронавирустан қайтыс болған әйелге қатысты кейбір жайттар айтылды.

Алматы, NEGE. Қауіпті дерттен көз жұмған әйел шетелге шықпаған. 13-17 наурыз күндері Алматыда және Шуда қонақта болған. Наурыздың 25-і күні ауруханаға түсіп, шұғыл ем-дом жасалғанына қарамастан көз жұмды. Онымен байланыста болғандардың бәрі карантинге жатқызылып, тексеруден өтіп жатыр.

Марқұмды жерлеу рәсімі өткізілген соң, Нұр-Сұлтанның іргесіндегі Қосшы ауылында тұрған үйін дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.

Қазір коронавирусты қай жерден жұқтырып алатыныңыз белгісіз. Сондықтан өзіңіздің және жақындарыңыздың амандығы үшін үйден шықпағаныңыз абзал.  

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации