Коронавирустан 12 жасар қыз жазылып шықты

27 наурыз, 23:14

Фото: сурет ғаламтордан алынды

27 наурызда Алматыда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 расталған екінші пациент жазылып шықты.

Алматы, NEGE. Бұл пациент Алматыға 13 наурызға қараған түні Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген ер адам.
Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру жеңіл түрде өтті. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Қазір ол емхананың медициналық қызметкерлерінің қадағалауында болатын 14 күндік үй карантиніне шығарылды .
Еске салсақ, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, экипажды қоса алғанда, борттағы барлық 12 адам жұқпалы аурулар стационарына карантинге жатқызылып, оқшауландырылған. 
Ертең, бақылау талдауы  расталғаннан кейін тағы бір пациентті шығару жоспарлануда. Ол  қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан 12 жасар қыз.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации