Коронавирусқа қарсы вакцина салынды

01 тамыз, 20:42

Фото: google.com

Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығында коронавирусқа қарсы вакцина салынды, – деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Алматы, NEGE. Вакцина салынған алғашқы қазақстандық –орталық директоры Қайсар Табынов.

Препаратқа COVAX-19 атауы берілген. Аустралияда жасалған вакцина клиникалық сынаманың бірінші фазасынан өткен.  

«Бұл шынында коронавирус пандемиясы басталғалы алғашқы жақсы жаңалық шығар. Яғни, Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинаның пайда болуы. Жалпы, халықты осы өте жағымсыз және қауіпті аурудан жаппай иммундау тақырыбы қазір әлемде өте өзекті. Иммунология және вирусология саласындағы көптеген маман коронавирустың осы түрі туралы қажет білім алып, пандемияны әлемнің әртүрлі еліне вакциналарды қолдана бастағанда ғана тоқтатуға болатынын айтады. Бұл препараттарды жасауға көптеген ғылыми ұжым, институт пен компания айналысады. Оның ішінде отандық вакцинамен біздің мамандар да жұмыс істепжатыр. Қолдану үшін үлгілер дайын», – дейді тілші Григорий Беденко.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации