Коронавирус жұқтырғандармен қанша адам байланыста болғаны белгілі болды
13 наурыз, 15:15

9 наурызда Коронавирус жұқтырып келген қазақстандықпен бірге ұшып елге оралған 73 жолаушы карантинге жатқызылады.
Алматы, NEGE. «Біз жеке ақпаратты жариялай алмаймыз. Коронавирус жұқтырған әйел адам мен ер адам. Алғашқы науқас 9 наурызда Германиядан, екіншісі 12 наурызда кешке келген. 9 наурызда келген 73 жолаушы анықталды, бізде тізім бар. Олардың қайда екенінен хабардармыз. Оларды оқшаулап, карантинге жатқызатын мекеме іздестіріп жатырмыз. Олар науқас емес, тек 14 күнге карантинге жатқызылады», - деді Елжан Біртанов.