Коронавирус жұқтырғандармен бірге болғандардың саны анықталды

13 наурыз, 16:41

Фото: rbk.ru

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтармен ұшу кезінде бірге болғандардың саны анықталды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Алматы. NEGE. «9 наурызда бірінші бортпен 73 адам келді, олар үйде бақылауға алынды, бір адамнан коронавирус анықталды, енді олармен бірге ұшқандар іздестірілуде, олар барлығы дені сау адамдар, бірақ карантинге жатқызылады. Ал 12 наурызда ұшып келгендер – 12 адам – олардың барлығы карантинге орналастырылды», - деп хабарлады жұма күні ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Ол еске салғандай, 9 наурызда Германиядан Қазақстан азаматтары ұшып келген болатын.

Денсаулық сақтау министрі коронавирустың ер адам мен әйел адамнан табылған, сонымен қатар атап өтілгендей, жолаушылардың тізімі алынды, денсаулық мині оларды іздестіруге және карантинге жатқызуға кірісті.

«Жалпы ауырып қалған қазақстандықтармен 85 адам бірге ұшып келген екен», - деді Біртанов.

Бұған дейін белгілі болғандай, Германиядан ұшып келген Қазақстанның екі азаматынан коронавирус табылған еді.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 127 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 4,6 мыңнан астам.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации