Коронавирус жұқтырғандар саны 7 мыңнан асты

21 мамыр, 17:17

Фото: sputniknews.kz

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 7 мыңнан асты, деп хабарлады ҚР-дағы COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Алматы, NEGE. «Коронавирусты инфекцияның жаңа 265 дерегі тіркелді (өсім қарқыны 3,8%), оның ішінде: Алматы облысында – 19 (8,7%), Нұр-Сұлтанда – 84 (6,4%), Павлодар облысында – тоғыз (5,4%), Шымкентте – 23 (4,7%), Қарағанды облысында – 13 (4,5%), Қызылорда облысында – 11 (4,3%), Батыс Қазақстан облысында – 13 (3,8%), Алматыда – 57 (3%), Атырау облысында – 24 (3%), Жамбыл облысында – бес (2,3%), Шығыс Қазақстан облысында – бір (1,7%), Ақтөбе облысында – екі (0,9%), Түркістан облысында – екі (0,8%), Ақмола облысында – бір (0,7%), Маңғыстау облысында – бір (0,6%)», - делінген бейсенбіде таратылған Қазақстандағы 20 мамырдағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарда.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации