Коронавирус жұқтырғандар саны 500-ден асты, тағы бір адам көз жұмды

04 сәуір, 14:22

Фото: France24.com

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны бүгін 500-ге жетті, тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлады ҚазТАГ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы, NEGE. «Коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 36 жағдайы тіркелді, оның ішінде Алматы қаласында - 16, Атырау облысында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 7, Жамбыл облысында - 1, Шымкент қаласында - 1, Түркістан облысында - 4, Маңғыстау облысында - 1, Қарағанды облысында - 4. Түркістан облысында коронавирус инфекциясынан тағы бір адам көз жұмды», - делінген сенбіде таратылған хабарда.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации