Коронавирус жұқтырған 2 жасар бүлдіршіннің жағдайы белгілі болды

17 наурыз, 15:52

Фото: ғаламтордан алынды

Алматыда коронавирус жұқтырған 2 жастағы қыз баланың жағдайы туралы Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты. 

Алматы, NEGE. «Бүгін тағы 3 адамның жұқтырғанын анықтадық. Олардың бірі 2018 жылы туған бүлдіршін балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Бала Берлин-Алматы рейсімен 13 наурызда келген. Бортта 12 адам болған. Экипажбен қоса барлығы карантинге оқшауланды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық», - деді Т.Әбілдаев брифингте.

Жұқпалы ауру жұқтырған 2 ересек адам қазір жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации