Коронавирус салдарынан Азия елдерімен әуе қатынасы тоқтатылды

02 наурыз, 17:46

Фото: biletik.aero

Қазақстан коронавирус салдарынан Азия елдерімен әуе қатынасын шектеді немесе уақытша тоқтатты, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарат таратты.

Алматы. NEGE. «Сеулге ұшатын рейс үшке дейін қысқарды. «Алматы-Тегеран» бағытындағы рейсті Mahan Airlines әуе компаниясы 1 наурызға дейін уақытша тоқтатты. Сонымен қатар 5 наурыздан бастап «Нұр-Сұлтан-Баку» рейсі уақытша тоқтайды. «Алматы-Баку» рейсі бестен бірге дейін шектеледі. «Нұрсұлтан-Токио» әуебағыты екі рейстен бір рейске дейін шектеледі», - деді Қамалиев дүйсенбідегі үкімет отырысында.

Оның айтуынша, аталмыш рейстердің тоқтатылуына орай 1 наурыздан бастап аталмыш рейстерге алынған билеттердің ақшасын оларды сатып алған жері бойынша айыппұл санкциясынсыз толық көлемде қайтарып алуға болады.

Автомобиль көлігі бойынша 27 қаңтардан бастап Қытайға қатынайтын 13 тұрақты автобус бағыты, вице-министр ақпарынша, уақытша тоқтатылған. Қазіргі таңда тәулігіне орташа есеппен шекара маңы аймағына уақытша сақтау қоймасына дейін 20 автомобиль көлігі қатынайды.

«Қытаймен шекарадан өтетін жүргізушілердің барлығы тұрғылықты жерлері бойынша дәрігерлердің бақылауында», - деді Қамалиев.

2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты. Ал «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастық халықаралық орталығы наурыз айының ортасына дейін жабылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации