Коронавирус: Құлшылықты үйде жасау керек пе?

02 наурыз, 14:01

Фото: muftyat.kz

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа байланысты мешіттерде енгізілген сақтық шараларына қатысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. Осыған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасап, қазақстандықтаға мешітке келмей, үйде құлшылық жасауға кеңес берген. Бұл мәселеге қатысты Ералы Тоғжанов: «Мешіттерге байланысты алдын алу шаралары енгізілді. Бұл мәселеге қатысты бас имамдардың өздері шешім қабылдау керек деп ойлаймын. Ашығын айтқанда, Алланың алдында ниет ету тек мешіттерде ғана емес, әрбір азамат үйінде де ниет ете алады. Бұл – әрбір азаматтың жеке құқығы», – дейді ол үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Алайда үкімет басшысының орынбасары қазақстандықтарға көпшілік орындарға жиі бармай, сақ болуға кеңес берді.

«Оңтүстік Кореяда коронавирус діни орында таралған болатын. Оны біз ескеруіміз керек. Сондықтар азаматтарға осындай мәселелерді айту керекпіз»,  –  деді Ералы Тоғжанов. Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирустан қалай сақтануға болатынын, сау адамға бетперде тағудың қажеті жоғын, қауіпті дерттен сақтану мақсатында еліміздегі шекарадан өткізу пунктерінде санитарлық бақылау күшейгенін хабарлады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации