Коронавирус: Қазақстан әуежайлары мен вокзалдарында 32 456 адам тексерілді

01 наурыз, 18:00

Фото: Елжан Біртановтің Facebook парақшасынан

2020 жылғы 6 қаңтардан 28 ақпанға дейін елімізге 32 456 адам келді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. 6 қаңтар - 28 ақпан аралығында Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежайларда және теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінде – 32 456 адамды қарап-тексерді.

Мониторингке барлығы 24 469 келгендер алынды, 23 980 қамтылды, мониторингтен 24 432 алынды, соңғы 14 күнде келген 27 адам медициналық бақылауда қалды.

1 науырызда дене қызуы мен ЖРВИ белгілерімен 165 адам емдеуге жатқызылды, оның барлығы шығарылды.

Сондай-ақ, кеше таңертеңгі сағат 2:30-да Нұр Сұлтан қаласына Токио қаласынан 20 қазақстандық азамат келді (оның ішінде 4 адам – "Diamond Princess" жапон лайнерінің жолаушылары). Барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации