Коронавирус: Біртанов нені жасырып жүр?

18 ақпан, 13:07

Фото: Ғалым Смағұлұлы

Премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов коронавирустан қорғануға үкімет 1,6 млрд теңге бөлетінін айтқан. Бұл қаржы қалай жұмсалады?

Нұр-Сұлтан, NEGE. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2 млрд теңгеге жуық қаржының қалай жұмсалатынын айтқанымен, біраз нәрсені бүгіп қалғандай көрінді.

«Бұған қатысты мына нәрсені айтамын: бұл – министрліктің шешімі емес, үкіметтің қаулысы. Қуана айтар едім, бірақ құқығым жоқ. Бұл – қызметтік дерек. Медицина саласына ғана қатысты емес, шекарашыларға да қатысы бар» деді министр.

Бөлінген қаржыға вирусқа қарсы қорғаныс заттар, маскалар, арнайы костюмдер алынатыны белгілі. Бұдан бөлек тағы қандай құпия бар? Біртанов нені жасырып жүр?

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации