Коронавирус: Әйелдердің абай болғаны жөн

30 наурыз, 16:19

Фото: Theworldnews.net

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың дені – әйелдер. ҚазТАГ-тың хабарлауынша, бұл туралы Алматы тауар және қызмет сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова мәлімдеген.

Алматы. NEGE. «Егер жынысына қарай бөлсек, әйел адамдар ауруға көп шалдығып жатыр – 62,5%, ер адамдар – 37,5%», – дейді Молдақасымова. Ол жұқтырған адамдардың жас шамасына да тоқталып өтті. «Ең көп індетке шалдыққандар – 30 бен 39 арасындағы адамдар. Екінші орында – 20-29 жастағылар. Үшінші орында – 50 мен 59 жастың арасындағылар», - деп көрсетті департамент басшысы.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации