Коронавирус: 9-шы адам қайтыс болды

10 сәуір, 10:12

Фото: ғаламтордан алынды

10 сәуір таңғы сағат 09:00-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 21 адам тiркелді. 

Алматы, NEGE. "Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. 1956 жылғы науқас", - делінген хабарламада. Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Маңғыстау облысында - 2 адам, Қызылорда облысында - 4 адам, Атырау облысында - 3 адам, Шымкент қаласында - 4 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Қарағанды облысында - 4 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 1 адам. Coronavirus2020.kz мәліметінше, осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 226 адам, Алматы қаласында – 122 адам, Қарағанды облысында - 61 адам, Ақмола облысында - 61 адам, Атырау облысы - 45 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 3 адам, Маңғыстау облысында - 9 адам, Қызылорда облысында - 104 адам, Батыс Қазақстан облысында - 6 адам, Түркістан облысында - 34 адам, Қостанай облысында - 3 адам. 

Ал коронавирус жұқтырғандардың саны бүгінде Қазақстанда 802-ге жетті.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации